«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

БАҚ өкілдері назарына!
Клуб жаңалықтары

БАҚ өкілдері назарына!

19 февраля 2024
/ 15:30
«Қайрат» ФК баспасөз қызметі 2024 жылғы маусымда команданың өз алаңындағы матчтарында жұмыс істеу үшін аккредитация алуға өтінім қабылдауды бастады.
Аккредиттеуге өтінімдер 2024 жылғы 27 наурызға дейін press@fckairat.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен өтінім қаралмайды.
Аккредиттеуге өтінім редакцияның бланкісінде рәсімделіп, әр өкіл туралы жеке мынадай ақпарат жазылуы керек:
• Аты-жөні
• БАҚ атауы
• Аккредиттеу түрі (жазушы журналист немесе фотограф)
• Байланыс нөмірі
• Электрондық поштасы
• БАҚ электрондық поштасы
Сондай-ақ келесі құжаттарды қоса жіберу қажет:
• Қызметтік куәлік көшірмесі немесе ұйым басшысы қол қойған жұмыс орнынан анықтама
• JPG немесе PNG (3x4) форматындағы сандық фото
Жіберілген өтінімдер қосымша қаралып, бекітіледі. Бұл туралы баспасөз қызметі бөлек хабарлайды.
Аккредиттеу бейджі 2024 жылғы 2 наурызда Орталық стадион жанында орналасқан «Қайрат» ФК фан-шобында беріледі. Бұл бейдж қолданыстағы «ҚКФЛ техникалық регламентінде» көзделген құқықтарға кепілдік береді.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»