«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Таза қала – ортақ жеңіс!
Қайрат

Таза қала – ортақ жеңіс!

11 апреля 2024
/ 20:51
«Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Боранбаев Қайрат Советайұлының бастамасымен клубымыз биыл экология мәселесі мен қоршаған ортаға ерекше көңіл бөледі.
Осыған орай 20 сәуірде өтетін Премьер-Лигасының 5-ші турының #ҚайратАқтөбе матчы эко-форматта өтетінін қуана хабарлаймыз.
Ойын күні «Орталық» стадион аумағында пластик жиналады. Жанкүйерлер пластик тапсырса, шектеулі шығарылымдағы клуб төсбелгісі мен күшті мерч ала алады.
Матчтан кейінгі шара аясында жанкүйерлер мен еріктілер стадионды жинап, қоқыс сұрыптауға жұмылдырылады.
«Ақтөбемен» болатын эко-матчта командамыз қайта өңделген пластиктен жасалған көгілдір түсті ойын формасының жаңа үшінші топтамасын киіп шығады.
Билетті онлайн «Қайрат» ФК ресми сайтының «Матчтар» бөлімінде, сондай-ақ Ticketon.kz сайтында сатып алуға болады.
Жеңілдік билеті матч күні сағат 17:00-ден бастап «Қайрат» ФК ресми дүкенінің жанында таратылады.
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»