«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алматыда 2024 жылғы зағиптар арасындағы футболдан ҚР Чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды
Blind Football

Алматыда 2024 жылғы зағиптар арасындағы футболдан ҚР Чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды

17 марта 2024
/ 21:00

15-17 наурыз аралығында С. П. Квочкин атындағы Академиясы спорт жарыстарының аренасына айналды. Турнирде еліміздің ең мықты командалары бақ сынады. Ойыншылар 5-ке 5 ойнап, әқайсысы 20 минуттан тұратын екі тайм өткізді.

Ойын соңында қатысушыларды қарсы алу рәсімі өтті. «Қайрат» ФК Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Советайұлы Боранбаев жиналғандарға сөз сөйледі.

Қайрат Советайұлы «Қайрат» ФК осындай маңызды турнирді өз аумағында төртінші рет өткізіп отырғанын мақтан тұтатынын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстанда Blind Football-ды дамытудың маңызын айтып, алдағы жоспарларын баяндады.

Ол Blind Football бойынша бас бапкер Анатолий Антипин баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы халықаралық шараларға да қатысатынын да айтты. Сәуір айында Сочиде Ресей құрамасымен бірге өтетін ОЖЖ жоспарланса, маусым айында Алматыда IBSA Blind Football Challenge Cup халықаралық турнирі өтеді.

Қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтау үшін шараға С. П. Квочкин Академиясының командаларының ойыншылары келді. Қолдау көрсету ретінде олар спортшыларға естелік сыйлықтар табыстады. Арнайы бетперде тағып, қақпаға соққы жасап та көрді.

Бірінші кезең соңында барлық қатысушы бірге суретке түсті. Бұл бірлік пен спорт рухының көрінісі.

Blind Football Қазақстанда 2018 жылдан бері дамып келе жатқанын еске саламыз. Сол кезде Қайрат Советайұлының қолдауымен «Қайрат» ФК базасында еліміздің бірінші командасы құрылды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»