«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Сейілда Байшақов өмірден озды
Клуб жаңалықтары

Сейілда Байшақов өмірден озды

12 июля 2023
/ 06:00

Бүгін 73 жасқа қараған шағында Сейілда Икрамұлы Байшақов дүниеден өтті.

Сейілда Икрамұлы – Қазақстан футболының аңызы. «Қайраттың» құрметті ардагері отандық спорттың дамуына орасан зор үлес қосып, Қазақстанның ХХ ғасырдағы үздік футболшысы деп танылды.

«Сары-қаралар» құрамында Байшақов 1971 жылдан 1981 жылға дейін ойнап, команданың көшбасшысы әрі капитаны болды. «Қайрат» сапында 10 жыл бойы 296 кездесу өткізіп, 11 гол соққан. Ойыншы мансабын аяқтаған соң Сейілда Икрамұлы өз клубында бапкер қызметін атқарды.

Байшақов ұзақ уақыт бойы Қазақстан Футбол Федерациясында жұмыс істеп, жасөспірімдер футболының дамуына атсалысты. Ол Федерацияның вице-президенті, кейінірек президенті болды.

«Қайрат» футбол клубы Сейілда Икрамұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»