«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Лука Гадрани – «Қайрат» ФК ойыншысы
Қайрат

Лука Гадрани – «Қайрат» ФК ойыншысы

15 ноября 2023
/ 06:00

«Қайрат» футбол клубы 26 жастағы грузиялық қорғаушымен келісімшартқа отырғанын қуана хабарлайды. Келісім 2025 жылдың соңына дейін есептелген.

Позициясы: орталық қорғаушы

Бойы: 185 см

Салмағы: 77 кг

Лука Гадрани мансабын грузиялық «ВИТ Джорджия» мен «Динамо» Тбилисиде бастады. 2016 жылдың екінші жартысында испаниялық «Алавестің» дублінде ойнады.

Кәсіби деңгейде Гадрани грузиялық «Цхинвали» мен «Рустави» клубтарының, ирандық «Шахин» мен латвиялық «Валмиера» намысын қорғаған.

2022 жылдың басында қорғаушы «Таразға» ауысып, бірден қорғаныс көшбасшысы әрі чемпионаттағы үздік қорғаушылардың біріне айналды. Өткен маусымда Гадрани «Ақтөбе» сапында 26 матч өткізіп, 3 гол соқты.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»