«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Әліби Мұхит: «Осы командаға келесі маусымда көп үлесім тиеді деген үміттемін»
Қайрат

Әліби Мұхит: «Осы командаға келесі маусымда көп үлесім тиеді деген үміттемін»

22 октября 2023
/ 06:00

«Қайраттың» жас шабуылшысы «Ақсумен» өткен матч (4:1), негізгі құрамдағы дебюті және «Зенитпен» ойыны туралы айтып берді.

– Әліби, дебют құтты болсын! Бұл сәтті қанша уақыт күттің әрі ол сен үшін нені білдіреді?

– Көп рақмет! Бұл – көптен күткен дебют. Орталық стадионда шығып, ойнау – кішкентай кезімнен арман еді, бірақ бұл тек бастамасы деп ойлаймын. Осы күнге жеткеніме қуаныштымын және осы дебютімді ата-анама арнағым келеді. Маған әрдайым қолдау беріп, шынайы сеніп отырған ата-анама мың алғыс. Маған сеніп, мүмкіндік берген бапкерге рақмет. Келесі маусымда осы команданың басты ойыншысы болуға тырысамын.

– Өзің туралы қысқаша айтып берсең. Қай жақтансың, Академияда қай жылдан бері айналысып келесің, қандай позицияда ойнайсың?

– Мен Алматы қаласында тудым. Академияда 2016 жылдан бері айналысып, кішкентай кезімнен «Қайратта» өнер көрсетіп келемін. Алаңда көп жерде ойнай аламын. Ортада әрі көбіне шабуылда ойнағанды ұнатамын.

– «Ақсуға» қарсы матчқа қалай дайындалдың? Команда бапкердің нұсқауларын орындай алды ма?

– «Ақсуға» қарсы менің дайындығым өте тартысты болды. Өзімді жаттығуларда жақсы көрсетуге тырыстым. Ойын алдында өзімді еркін, сенімді сезіндім. Команда бапкердің нұсқауларын орындай алды. Бастысы, жеңіске жеттік.

– Жоао Паулоны ауыстырып, оның позициясында ойнадың. Алаңда жеке өзіңе қандай міндеттер қойылды?

– Иә, Жоао Паулоны ауыстырып, өзімді жақсы көрсетуге тырыстым. Ойынды өзіме алып, сенімді ойнасын деген міндет берді. Өзіме әр ойында өзіме гол салу деген мақсат коямын. Осы командаға келесі маусымда көп үлесім тиеді деген үміттемін.

– Бір апта бұрын «Зенитке» қарсы ойында бейресми дебют жасадың. Сол ойын туралы не айта аласың, атмосфера қалай болды?

– «Зенитпен» ойын, әрине, ерекше болды. Сондай атмосферада алғаш рет ойнағаныма қатты қуандым. Сол ойын арқылы дамыдық. Осындайда көптеген мүмкіндік ашылады екен. Жалпы сондай деңгейдегі командаларға қарсы ойнай алатынымызға күмәнім жоқ.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»