«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Морунов: «Әрқашанда бірінші таймдағыдай ойнау керекпіз»
Қайрат-Жастар

Кирилл Морунов: «Әрқашанда бірінші таймдағыдай ойнау керекпіз»

06 апреля 2023
/ 06:00

«Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері Кирилл Морунов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында UBET-Бірінші лиганың 1-туры аясындағы «Екібастұзға» (5:2) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді:

– Біріншіден, бұл – көптен күткен чемпионат. Маусымаралық жаттығуларымыз бес ай өтті. Бастамасы жақсы деп ойлаймын. Жалпы, біз жақсы ойнадық, әсіресе бірінші таймды. Менің ойымша, екінші таймда жақсы ойнадық деп айта алмаймын. Екінші таймдағыдай ойнамауымыз керек. Бірінші тайм мазмұны жағынан да, күш-қуатымыз бен ойындағы қарқындылық жағынан да жақсы болды.

– Бүгін тізімде негізгі құрамның бірнеше ойыншысы болды. Бұл сіздердің бапкерлер штабының шешімі ме, әлде негізгі команданыкы ма?

– Тіпті олардың құрамына кіріп, жаттығып жүрсе де, оларды бірінші құрамның ойыншылары деп айтпас едім. «Қайрат» қазір айтарлықтай жасарған. Бірінші командамыз да жас. Ал бүгін бізде ойнаған негізгі құрам ойыншылары былтыр «Қайрат-Жастар» сапында ойнады. Олар әрі қарай дамып, жетілуі үшін ойын тәжірибесі қажет. Жас ойыншылардың өсуі үшін оларға тұрақты түрде ойнап тұру керек. Бүгін «Қайрат-Жастар» сапында ойнайтын жігіттер – біздің болашағымыз. Біз оларға сенеміз. Олар күн сайын жақсы жаттығуы қажет. 

– Ысқырық шалына сала команда белсенді түрде алға жылжып, матчтың 40 минутына дейін 4:0 есебімен алда болды. Бұл сіздің бапкерлік нұсқауыңыз ба?

– Ойынға деген жоспарымыз осындай. Әрқашанда бірінші таймдағыдай ойнау керекпіз. Қарсыластарға өз шарттарымызды, әсіресе допқа қарсы фазаларда, өтпелі кезеңде, доп бізде болғанда күшпен таңғызғымыз келеді. Біз қарқынды әрі агрессивті түрде ойнағымыз келеді. Бұл біздің басты ұранымыз және ойындағы негізгі жоспарымыз. Біз қарсыласты қыспаққа алғымыз келеді. Бірінші таймда бұл жақсы нәтиже берді, бірақ екінші таймда, өкінішке орай, аса жақсы болды деп айта алмаймын. Әрдайым өсіп, даму керекпіз. Екінші таймда жіберілген екі гол бойынша сабақ алуға тиіспіз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»