«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Морунов: «Мен үшін мәселе сәттіліктің жетіспеуінде емес, мәселе қажырлы еңбекте»
Қайрат-Жастар

Кирилл Морунов: «Мен үшін мәселе сәттіліктің жетіспеуінде емес, мәселе қажырлы еңбекте»

11 мая 2023
/ 06:00

«Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері Кирилл Морунов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында UBET-Бірінші лиганың 6-туры аясында «Арысқа» (0:1) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

– «Арысты» жеңісімен құттықтаймын. Біз бұл матчта жеңіске лайық болдық деп санаймыз. Соңғы үш ойында жолымыз болмай жүр десек болады. Көптеген мүмкіндіктер жасаймыз, бірақ оларды жүзеге асырмаймыз. Содан кейін ұтыламыз не тең ойнаймыз. Мен жағдайды сәл басқаша көремін. Бір жақсы сөз бар – сәтті болу үшін шеберлік те қажет. Мүмкіндіктерімізді салуымыз үшін, оны жаттықтыруымыз керек. Осыған байланысты жұмыс істеуіміз қажет. Матчтарда жеңіске жету үшін біз жақсы қорғанып, соңғы сәттерде жіберіп алмауға тиіспіз. Мен үшін мәселе сәттіліктің жетіспеуінде емес, мәселе қажырлы еңбекте. Біз өз ойынымыздың мазмұны мен сапасы бойынша жұмыс істеуді тоқтатпауымыз керек. Бастапқы 20 минутты санамағанда, бүгін жалпы жақсы ойнадық. Сол кезде сылбыр ойнап, алда нашар қорғанып, допты иемденген кезде өтпелі кезеңдерде тиімсіз әрекет жасадық, сонымен қатар доптарды да аз тартып алып жаттық... Трибуна толы болып, қарсылас жанып, жігерленіп шықты. Мүмкін бұл да әсер еткен шығар. Біз сол алғашқы 20 минутта аздап қорқып ойнадық, бірақ кейін ойынды теңестіріп, ойынды өз қолымызға алдық, бірақ одан ештеңе шығара алмадық. Көптеген гол соғатын мүмкіндіктер жасап, көп күш жұмсаймыз, алайда оның бәрі зая кетеді. 

Жеңілген қиын әрі ауыр. Үш ойын қатарынан жеңе алмай келе жатырмыз. Мінезімізді шынықтыруы керек деп ойлаймын. Жеңіске жетіп, бәрі жақсы болып келе жатқанда бірге болу оңай, бірақ сәтсіздіктерге ұшыраған кезде бірігу әлдеқайда қиын. Басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер. Біз бір-біріміз үшін, бірге болуымыз керек. Біздің жеңістеріміз алда! Біздің басты жеңісіміз – ойыншылардың дамуы. Ойыншылардың өздері мұны түсінбесе әрі өздері дамығысы келмесе, бізге өте қиын болады. Жеке жаттығуларды күшейтуіміз керек. Шабуылдарды аяқтау бойынша көбірек жұмыс істеп, қорғану дағдыларын жақсартуымыз қажет. 

Турнирде командалардың саны тақ болғандықтан, біз келесі турды өткіземіз. Бізде дем алуға уақыт бар. Келесі ойында өз алаңымызда «Ақжайықты» қабылдаймыз. Өзіміздің рухымызды қайта көтеріп, әрі қарай жылжи береміз деп үміттенемін. «Қайрат-Жастар» командасына қолдап-қоршап жүргендерге рақмет. Біз үшін бұл өте маңызды. Айтып кеткенімдей, басыңа іс түскенде жақсы көмектесер, жаман күліп кетер.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»