«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Кирилл Морунов: «Бүгін бір команда болып ойнадық, ол – нәтиженің өзінен әлдеқайда маңызды дүние»
Қайрат-Жастар

Кирилл Морунов: «Бүгін бір команда болып ойнадық, ол – нәтиженің өзінен әлдеқайда маңызды дүние»

21 апреля 2023
/ 06:00

«Қайрат-Жастар» командасының бас бапкері Кирилл Морунов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында UBET-Бірінші лиганың 3-туры аясындағы «Жеңіске» (4:1) қарсы ойынға қатысты пікір білдірді:

– Өз ойынымызды тапқанымызға қуаныштымыз. Алдыңғы «Хан-Тәңіріне» қарсы өткен ойыннан кішкене кірбің қалып еді. Сол кезде ойымыздағы футболды көрсетпедік. Біз әдеттегідей ойнаған жоқпыз. Бүгін біз қалай ойнай алатынымызды және қалай ойнағымыз келетінін көрсеткіміз келді. Ірі есеппен жеңгенімізге қуаныштымын. Ойынға көңілім толса да, әлі де жұмыс істеуіміз керек.

Бүгін бір команда болып ойнадық. Ол – нәтиженің өзінен әлдеқайда маңызды дүние. Команда болып жұмыла ойнайтымызды көрсетуіміз қажет және де бүгін соны көрсете алдық. Келесі кездесулерде де дәл солай ойнап, жігіттер өседі деген үміттемін. Бұл – олардың басты міндеті, тек кәсіби тұрғыда ғана емес, жеке тұлға ретінде де өсу. Дамытатын көп нәрсе бар, бірінші кезекте ойыншылардың өздері соны қалауы керек.

– Бүгін команданы капитандық белгімен Жаннур Кукеев топ тізгінін ұстады, дегенмен өткен жылы команданы Темірлан Анарбеков шығарып жүрді. Бұл немен байланысты?

– Маусым басында Мирас Кобеевті бірінші капитанымыз болады деп шештік. Жаннур – вице-капитан. Басқа да жігіттер бар, мен қазір біреуді бөліп айтқым келмейді. Темірланға келетін болсақ, ол – біздің көшбасшымыз. Ең дұрысы, ойыншылар көшбасшылық жауапкершілікті өз мойнына алуы үшін алаңда 11 капитан болуы керек. Кімнің капитандық белгімен шығатыны маңызды емес.

– Александр Мрынскийді ауыстыру – тактикалық әрекет пе?

– Иә, бұл – тактикалық алмастыру. Саша – бірінші команданың ойыншысы. Ол Қазақстан Кубогындағы матчта 45 минут өткізді. Оны алаңға тек 45 минутқа ғана шығарамыз деп негізгі команданың бапкерлер штабымен нақты келіскен едік. Менің ойымша, ол бүгін өте жақсы ойнады.

– Жанкүйерлерге бір-екі ауыз сөз айтып кетсеңіз.

– Керемет атмосфера болды. Адамдар әр матчқа келсе, қуанышымызда шек болмайды. Үзіліс кезінде командаға келген жанкүйерлерге біздің матчтарға қайтадан келетіндей етіп ойнауымыз керек екенін айттық. Бүгінгі ойынмен осы жанкүйерлерді шабыттандырдық деп ойлаймын. Келесі ойындарда олар «Қайрат-Жастар» командасының ойынына келгісі келеді деп сенемін.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»