«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Элдер Сантана – «Қайрат» ФК ойыншысы
Қайрат

Элдер Сантана – «Қайрат» ФК ойыншысы

16 ноября 2023
/ 06:00

«Қайрат» футбол клубы 30 жастағы бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырғанын қуана хабарлайды.

Жаңадан келген ойыншымен келісім 2024 жылдың соңына дейін есептелген.

Позициясы: шабуылшы

Бойы: 186 см

Салмағы: 88 кг

Элдер Сантана «Атлетико Минейро» түлегі. Туған клубынан бөлек, өз елінде «Тупи», «Ферровиарию», «Сампайо Корреа», «Брагантино», «Атлетико Гойяньенсе», «Ботафого», «Сертаозиньо» командаларында өнер көрсетті.

2019 жылдың жазында шабуылшы Португалияға көшіп, онда «Санжуаненсе» және «Жил Висенте» клубтарының намысын қорғады.

Элдердің соңғы клубы «Ақтөбе» болды. Өткен маусымда ол ақтөбелік команда сапында барлық турнирде 32 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»