«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Артур Шушеначев мансабын Израильде жалғастырады
Қайрат

Артур Шушеначев мансабын Израильде жалғастырады

06 февраля 2024
/ 22:45
«Қайрат» пен «Хапоэль» Беэр-Шева футбол клубтары 25 жастағы шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді.
Артур «Қайрат» құрылымына 2017 жылдың көктемінде қосылып, сол маусымда негізгі команда сапындағы дебютін өткізді. Келесі жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
2020 жылы «Қайрат» құрамында Қазақстан чемпионы атанды. 2021 жылы ол еурокубоктың топтық кезеңінде дебют жасады. Финалда шешуші гол соғып, команданың Қазақстан Кубогын екінші рет жеңіп алуына көмектесті. Сол жылы барлық ресми матчта 23 гол соғып, қазақстандық футболшылар арасында үздік сұрмерген атанды.
Шушеначевтың «сары-қаралар» құрамындағы статистикасы:
• 128 матч
• 45 гол
• 9 ассист
«Қайрат» ФК-ның үлкен ұжымы Артурға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы мансабында толағай табыс тілейді!
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»