БоранбаевҚайрат

Азаматтық - Қазақстан

Жас - 57 жылдар

Дата рождения - 04.10.2021

Боранбаев
Қайрат

Бақылау кеңесінің Төрағасы

Азаматтық - Қазақстан

Жас - 57 жылдар

Қызмет атауы - Бақылау кеңесінің Төрағасы

Дата рождения - 04.10.2021

Қайрат Советайұлы Боранбаев 1966 жылы 22 қыркүйекте Торғай облысында дүниеге келген.

• 1989 жылы Қайрат Боранбаев Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірді. Одан кейін бірнеше жыл Қазақстандағы спорт мектептерінде жаттықтырушы-оқытушы болып істеген. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
• 2009 жылы Қазақстанда салауатты өмір салтын қолдау және насихаттау бойынша қоғамдық жұмыстармен айналысып, «Қостанай облысының бокс федерациясы» Қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды.
• 2012 жылдан бастап «Қайрат» футбол клубының Бақылау Кеңесінің төрағасы. Ол аты аңызға айналған клубты қаржыландырып, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын жүйелі дамытып жатыр. Жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін және ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірегей клубтық инфрақұрылым салынды.
• 2014 жылдан бастап Қайрат Боранбаев Қазақстандағы әртүрлі әлеуметтік маңызы бар жобаны белсенді түрде қолдайтын «Алмалы» активтерді басқару компаниясы» ірі қазақстандық холдингінің Бас директоры.
• 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті. Осы уақыт ішінде қазақстандық паралимпиадашылар паралимпиадалық спорт тарихындағы алғашқы алтын медаль иегерлері атанып, Рио-де-Жанейро мен Токиода өткен Жазғы Паралимпиадалық ойындарға, Пхенчхан мен Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиадалық ойындарға, сондай-ақ Джакарта мен Ханчжоуда өткен Азиялық пара ойындарға қатысып, жалпы 70-тен астам медаль жеңіп алды.
• 2017 жылдан бастап ол УЕФА-ның әділ ойын және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі вице-президенті, сондай-ақ УЕФА Балалар қорының Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі.
• 2018 жылы зағип және нашар көретін адамдарға арналған Қазақстандағы алғашқы Blind Football командасын құруға бастамашы болды.
Он жылдан астам уақыт бойы Қайрат Боранбаевтың табысты басқаруының арқасында «Қайрат» футбол клубы футбол саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен алғашқы қазақстандық жеке клуб ретінде орнықты. «Қайрат» ФК Академиясының балалар мен жасөспірімдер командалары әртүрлі жас санатында үнемі чемпион болады. Академия түлектері қарқынды дамып, негізгі командаға ғана емес, Қазақстан ұлттық құрамасына да жиі шақырылады. Сонымен қатар түлектер өз мансабын бәсекеге қабілетті шетелдік чемпионаттарда жалғастырады. Клубтың салынған инфрақұрылымы кәсіби футболшыларды дамытып-дайындауға, футболдың озық тәжірибесін даярлауға арналған білім беру бағдарламалары арқылы бапкерлерді тұрақты оқытуға ықпал етеді.